Reuters агенттігінің хабарлауынша, Асад жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа ұшып кеткен. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлады.
ВВС-дің жазуынша, сириялық көтерілісшілер Дамаскіге солтүстік пен оңтүстіктен жақындап келеді. Көтерілісшілер өздерінің Telegram-арнасында Дамаск маңында орналасқан Сайедная түрмесін басып алып, онда қамаудағы тұтқындарды босатқанын мәлімдеген.
Айта кетейік, Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иорданияның ішкі істер министрі шекара бекетін жабу туралы шешім қабылдады.