Мәзір
7 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Алматыда ауладағы ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды

Алматыда 39 жастағы әйелді өлтірген қаскөй іздестірілуде, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда ауладағы ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды Алматыда ауладағы ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды
Фото: видеодан алынды

Мәйітті белбеумен буып, скотчпен орап, сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен. Полиция дерегінше, дене табылған аула Түркісіб ауданындағы ең криминоген учаскесі екен. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген тұрғындар қатты шошыған. Үлкен дорба ауламызда апта бойы тұрды, ішінде адам денесі болғанын білмедік дейді.

39 жастағы әйелдің денесі Түркісіб ауданындағы кешқұрым Физкультурная көшесінен табылған. Бұл аумақ, ролиция дерегінше, Алматыдағы ең криминоген10 учаскенің тізімінде. Мәйітті буып, скотчпен матап, үлкен сөмкенің ішіне салып қалдырып кеткен.

Оны ең бірінші осы маңайды тазалайтын әйел көрген. Полицияға хабар беріп, олар жеткенше, басқа тұрғындар да жиналыпты. Ернат Бағаев марқұмды танитынын, бірақ көрші ретінде аралас-құралас болмадық дейді. Бірақ соңғы уақытта бір ер адаммен араздасып жүрген дейді.

"Сөмкені ашқанымызда, мәйіт эмбрион сияқты бүктеліп жатты. Капрон шұлық, белбеу, скотчпен байланған. Ұрған-соққан белгілері болмады. Кейін саусақ іздерінің нәтижиесінде оның осы жерде тұратын, аты Гаухар екенін білдік. Өзін жақын танымайтынмын. Бірақ сырттай білетінмін. Бір еркекпен мас күйде осы жерде ұрсысып жүретін", - дейді .Ернат Бағаев.

Ең сорақысы, сөмке аулада апта бойы тұрған. Ішінде адамның денесі бар екенін кім білген дейді тұрғындар.

"Әйелімнің айтуы бойынша, бейсенбі күні таңертең сабаққа бара жатқан кезде сол пакет тұрған дейді. Неше түрлі адам жүреді. Әркімді аңди алмайсың. Өзім бала-шағамды жіберіп қоямын да, бір сағат осы жерде отырамын. Қарап отырамын. Қорқамын. Бұл Район бұл район өзі сондай район", - дейді Марлен Қозбағаров.

Қазір полиция қанды қылмысты жасаған күдіктіге іздеу жариялады.  Іс «адам өлтіру» бабы бойынша тергелуде.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге  мәлімет жария етілмейді. Ал марқұмның жеке басына қатысты өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жергілікті тұрғындар не де болса, маңайға бақылау камералары орнатылғанда мұндай жағдай болмас па еді дейді.

Апта талқысында: