Мәзір
6 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Желтоқсанда қазақстандықтар төлеуі тиіс салық пен жарна тізбесі жарияланды

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтар 25 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс салық тізбесін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Желтоқсанда қазақстандықтар төлеуі тиіс салық пен жарна тізбесі жарияланды Желтоқсанда қазақстандықтар төлеуі тиіс салық пен жарна тізбесі жарияланды
Фото: gov.kz

Соның ішінде зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарнасы 25 желтоқсанға дейін төленуі керек.

Қандай төлемдер төленуі тиіс?

20 желтоқсанға дейін шетелден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен тасымалданған тауарлардың акцизі төленуі тиіс.

Ал 25 желтоқсанға дейін:

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы;

Міндетті зейнетақы жарнасы;

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы;

Әлеуметтік аударымдар;

МӘМС жарнасы аударылуы керек.

Кәсіпкер қазақстандықтардың желтоқсан айында тапсыратын бірнеше салық есебі бар. 17 қарашаға дейін 400.00 және 421.00 нысанды салық есебі меморганға ұсынылуы шарт. Бұл – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімше немесе объектілер бойынша есеп айырысу туралы есеп.

Одан бөлек, 20 желтоқсанған дейін 328.00 форма. яғни, тауар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш толтырылуы қажет.

Ал 31 желтоқсанға дейін 101.02-нысан және 911.00-нысан толтырылады. Онда декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі мен патент құнын есебі көрсетіледі.  

Апта талқысында: