Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумақтарының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста, солтүстікте желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.