Мәзір
5 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Үш күн жер бетін қараңғылық басып, жаңа пандемия басталады»: атақты көріпкел 2025 жылға қорқынышты болжам жасаған

37 жастағы бразилиялық Атос Саломе өзінен балалық шағында алдын ала болжау дарынын тапқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Үш күн жер бетін қараңғылық басып, жаңа пандемия басталады": атақты көріпкел 2025 жылға қорқынышты болжам жасаған "Үш күн жер бетін қараңғылық басып, жаңа пандемия басталады": атақты көріпкел 2025 жылға қорқынышты болжам жасаған
Фото: islam.ru

Оның болжамдарының көбі ақырында орындалды. Елизавета II-нің өлімі, корольдік отбасы мүшелерінің ауруы, тіпті Илон Масктың ірі әлеуметтік желіні сатып алуын алайық, бәрі қаз қалпында орындалды.

Көбі Атосты «Заманымыздың нострадамусы» деп атайды, оған кәріпкелдік қасиет ата-бабаларынан цыгандық қанмен келгеніне сенімді.

Атос Саломе 2025 жылға не болжаған? Мойка78 басылымы экстрасенстің ең қорқынышты және құпия болжамдарын жинады.

Көріпкелдің алдағы жылдарға, соның ішінде 2025 жылға болжамы күңгірт. Жаңа әскери қақтығыс болуы мүмкін. Ол Қытай теңізінде өрбиді. Оның ойынша, Үшінші дүниежүзілік соғыс дәл осы жерден басталады. Егер адамдар шыдамдылық пен сақтық танытса, жаһандық апаттың алдын алуға болады.

Жасанды интеллект тетіктері белсенді дамитын болады. Болашақта нейротораптар сана-сезімге ие болады және белгілі бір сәтте адамның көмекшілерінен қас жауына айналады.

Жақында ғана коронавирус пандемиясынан аман қалған адамзат жаңа «вирустық» қауіпке тап болады. Бұл жолы қорқынышты инфекция Антарктида мұзынан келіп, бүкіл әлемде өлім-жітім шеруін бастайды.

Табиғи апаттар ешқайда кетіп жойылмайды. Оның үстіне, олардың қуаты мен саны тек күшейе түседі. Қорқынышты сынақтарға АҚШ, Африка және Таяу Шығыс тап болады. Біреуі жақын арада толығымен су астында қалуы мүмкін.

Бразилиялық көріпкелдің айтуынша, адамзат ғарыштық жарысқа қайта кіріседі. Нәтижесінде - бағалы минералдарға бай астероид табылады. Бұл ретте Жер бетінде адамзат тарихтағы ең қуатты кибершабуылға тап болады. Бірнеше күнге барлық бағдарламалар, тіпті электр желілері де істен шығады. Үш күн жер бетін қараңғылық басып, астан-кетен болады. Негізінен АҚШ зардап шегеді, бірақ басқа елдер де жарықтың өшуінің зардабын тартады.

Өкінішке қарай, әлемде болып жатқан алаңдатарлық оқиғалар адамдарға кері әсерін тигізеді. Атос Саломе психикалық аурулардың өсуін болжаған.

Атос Саломенің айтуынша, оның барлық болжамдары, іске асу мүмкіндігі жоғары болғанымен, әлі де өзгеруі мүмкін, бұл тыңдау керек ескерту.

Апта талқысында: