Шенеуніктің айтуынша,Қазақстан ешқашан үшінші елдердің ісіне араласпайды.
"Оңтүстік Кореяда болып жатқан оқиғалардың барлығы – Оңтүстік Корея мәселесі. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – Қазақстаннан тыс жерде жүрген азаматтарымыздың құқықтарын барынша қорғауды қамтамасыз ету. Осы күнге дейін Қазақстан азаматтары сол жағдайға қарамастан елшілікке хабарласқан жоқ. Олар өтініш берсе, әрине, елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір Кореяда 30 мыңнан астам азамат түрлі мақсатта жүр", — деді Әлібек Бақаев.
Кейін ол Оңтүстік Корея да, Грузия да дипломаттарға зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат алмағанын айтты.
Еске салайық, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл елде әскери жағдай жариялады. Кейінгі ақпарат бойынша, ел президенті әскери жағдайды алып тастауға келісті.