2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты дін мамандары өткен жылдардан қалған қаза оразаны осы күнге дейін өтеп қоюға кеңес береді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған 2027 жылғы діни күндер кестесінде Рамазан айының алғашқы күні 8 ақпанға белгіленген.
Мамандардың түсіндіруінше, Ханафи мәзһабында Рамазан оразасының қазасын өтеуге нақты мерзім қойылмаған. Яғни, қарыз оразаны келесі Рамазан басталғанға дейін де, одан кейін де өтеуге болады.
Дегенмен, дін мамандары қаза күндерін кейінге қалдырмай, мүмкіндік болған кезде өтеп тастауға кеңес береді.
Айта кетейік, 2027 жылғы Рамазан айының басталу және аяқталу күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты нақтылануы мүмкін.