"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!", - делінген хабарламада.