Жария болған кестеге сәйкес, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурыз бен 29 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 26/27 наурыз.
Ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығында мерекеленеді.
"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген хабарламада.