Мәзір
Бүгін, 09:01 / BuginMedia / Жаңалықтар

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады?

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады? Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады?
Фото: depositphotos.com

Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады. 

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1 мамыр (жұма) — демалыс, 2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) — демалыс;
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2