Мәзір
3 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Экономика

Доллар тағы да қымбаттайды: сарапшылар болжам жасады

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы желтоқсан айында да теңгеге қысым түсетінін болжады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Доллар тағы да қымбаттайды: сарапшылар болжам жасады Доллар тағы да қымбаттайды: сарапшылар болжам жасады
Фото: e1.ru

Қауымдастықтың талдауынша, бұған ықпал етіп отырған ішкі және сыртқы факторлар сарапталып көрсетілген. Ұлттық банктің шетел валютасын сату көлемін азайтуы теңге бағамын тұрақтандыруға қосымша шараларды талап етуі мүмкін.

Ұлттық валюта бұл аптада қатты әлсірей бастады. Дүйсенбі, 2 желтоқсан күні бір доллар 524,79 теңгеге дейін өсті. Сауда көлемі де едәуір ұлғайған. 425,7 млн доллар сатылған.

«Экономика министрі Нұрлан Байназаровтың мәлімдемесіне қарағанда, негізгі себеп – сыртқы факторлар. Оның ішінде рубльдің әлсіреуі, мұнай бағасының түсуі мен АҚШ доллары индексінің өсімі де бар. Десе де, қараша айында ұлттық валюта 5%-ға әлсіреп отыр. Ұлттық банктің 2,4 млрд долларды сатуы да көмектесе алмаған», – делінген қауымдастықтың сараптамасында.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының пайымдауынша, квазимемлекеттік экспорттаушылар міндетті сату туралы норма шеңберінде түскен қаржысын конверсиялаған. Ұлттық банк желтоқсан айында тек 800-900 млн доллар сатпақ. Бұл валюта нарығындағы азуалды тұрақтандырудың қосымша шараларын талап етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеген болатын.

Апта талқысында: