Мәзір
30 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

«Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейі»: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейі": Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады "Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейі": Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылатын болады.

"Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Апта талқысында: