Айгүл Иманбаева жолдасы екеуінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының жағажайда серуендеп жүргенін байқауға болады.
Олар қазақстандықтарға сәлем жолдап, бейнежазба соңында бірге жүрек белгісін көрсетті.
«Қайырлы таң, қайырлы күн! Қазақстанда қайырлы кеш. Бізден, Ерекең екеумізден баршаңызға жалынды сәлем», – деді актриса.