Мәзір
20 тамыз, 2026 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Танымал актриса күйеуінен төрт баласымен бөлек кеткенін айтты

Танымал актриса Жанель Мақажан отбасылық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады,деп хабарлайды buginmedia.kz.

Танымал актриса күйеуінен төрт баласымен бөлек кеткенін айтты Танымал актриса күйеуінен төрт баласымен бөлек кеткенін айтты
әлеуметтік желіден

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінен бөлек кеткенін жазды.

"Еріңе сенбе, екі босағада сен» деген қазақтың нақыл сөзінің мәнін енді толық түсінгендеймін. Күйеуімнен бөлек кеткеніме бір айдай болды. Қазір төрт балам жанымда. Бұған дейін екі кішкентайым бір ай әкесінің қасында болды. Өмірде түрлі жағдай болады екен. Қазір балаларыммен бірге басқа жаққа көшіп алдым. Қиындықтарым біртіндеп артта қалып келеді. Алдағы уақытта болған жағдайдың мән-жайын толығырақ бөлісемін. Кішкентай балалармен қайта-қайта көшуден шаршадым. Енді өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға және өзіме сеніп өмір сүремін. Өзіме «үй ал, дамы, бала-шағаңа жағдай жаса» деген мақсат қойдым. Қыздар, кеше 19 жастағы қыздың тағдыры бәрімізге ауыр тиді. Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты тек тұрмыс құру емес, өмір сүру, бақытты болу деп ойлаймын. Осы тақырыпта ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұл актрисаның екінші некесі, ол күйеуінен 8 жас үлкен.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2