"Қазір бізде үшінші тоқсан бойынша есеп кезеңі, қазақстандықтар 15 қарашаға дейін декларация тапсырып, 25 қарашаға дейін салық төлеуі тиіс. Осы уақыттан кейін төлемеген жағдайда шоттары бұғатталады. Алайда бізде салық бойынша белгілі бір кезеңдер бар, біз шотты жаппаймыз", - деді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, шот негізінде медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер төленбеген жағдайда жабылады.
"Жаң салық кодексі қабылданған соң бұл мәселені реттейміз. Әлеуметтік төлемдер бойынша шекті төлемді көтереміз. 6 АЕК-ке дейін көтеруді жоспарлап отырмыз (2024 жылы 22 152 теңге), яғни осы сомаға дейін болса, шоттары бұғатталмайды", - деді министр.