Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, аудандық 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені жинап алғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.