Мәзір
25 қараша, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек?

Ауа райының өзгеруіне байланысты адам ағзасы әлсіреп, ұйқы қысады. Қыстың түні ұзақ болғанмен, дәрменсіздік салдарынан таңертең ерте тұру қиынға соғуы мүмкін. Таңертең ерте тұру денсаулыққа да пайдады, ерте тұрған адамның бір ісі артық,деп хабарлайды buginmedia.kz newsroom.kz-ке сілтеме жасап.

Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек? Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек?
Фото: Championat

Жоспар қою
Жатар алдында ертеңге қойып отырған басты жоспарыңызды ойлаңыз. Маңызды екенін есте сақтаңыз. Ертерек тұрып тірлігіңізді тындырған соң бос уақыт қалатынын ескеріңіз.

Ерте тұру үшін ерте ұйықтаған дұрыс

Күнде алдыңғы күннен 15-30 минут ертерек оянып үйреніңіз. Осылайша біртіндеп қажетті уақытыңызға дейін апарасыз.

Ұйықтар алдында ғаламторға кіріп, теледидар қарамау

Себебі бұлар адамның жүйке жүйесін қоздырады да, ұйқыны бұзады. Қою шай мен кофені де ұйықтар алдында ішуге болмайды. Түндегі тәтті ұйқы – күніңіздің сәтті өтуінің кепілі екенін ұмытпағайсыз.

Ерте тұру үшін өз-өзіңізге көмектесіңіз

Ұйқыдан тұра сала жарықты жағыңыз немесе музыка қосыңыз. Терезелерді айқара ашып, жаттығу жасаңыз. Қимыл-қозғалыс бар жерден ұйқы аулақ жүреді.

Таңертеңгі астан бас тартпау

Ұйқыдан кейін тамаққа тәбетіңіз тартпауы мүмкін. Бірақ, таңғы ас – күні бойғы ағзаңызға қуат берер күшке ие екенін ұмытпағайсыз.

Апта талқысында: