Мәзір
15 қазан, 2024 / BuginMedia / Саясат

Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz

Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды
Фото: gov.kz

"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар әкімі - Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар әкімінің орынбасары - Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар әкімі сайлауында жеңіске жеткен болатын.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Апта талқысында: