Мәзір
20 шілде, 2026 / BuginMedia / Саясат

Теміртауға жаңа әкім тағайындалды

Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Теміртауға жаңа әкім тағайындалды Теміртауға жаңа әкім тағайындалды
Қарағанды облысының әкімдігі

Сапар Сатаев бұған дейін, 2023 жылдың мамыр айынан бері Балқаш қаласын басқарған. Әр жылдары Абай және Приозерск қалаларының әкімі, сондай-ақ Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа әкімді таныстыру кезінде оның өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс істеуде және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.

– Сапар Қайыркенұлының алдында тұрған басты міндет – теміртаулықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Сапар Сатаев Теміртаудағы өзекті мәселелермен жақсы таныс екенін айтып, қаланың дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.

Бұрынғы әкім қызметінен кеткен еді

Еске салайық, Теміртаудың бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов 17 шілдеде қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол отставкасының себебін жарияламады. Бұл шешім Қазақстанның бірнеше өңірінде болған кадрлық өзгерістер аясында қабылданды. Бұған дейін Атырау және Ұлытау облыстарының әкімдері де ауысқан.

Теміртау – Қазақстандағы металлургия орталықтарының бірі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2