Мәзір
Бүгін, 16:55 / BuginMedia / Саясат

Қазақстанда тағы бір әкім қызметінен кетті

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда тағы бір әкім қызметінен кетті Қазақстанда тағы бір әкім қызметінен кетті
instagram.com/galym__ashimov

Әшімовтің айтуынша, бүгін ол Теміртау қаласының әкімі ретіндегі жұмысын аяқтап отыр.

«Бүгін Теміртау қаласының әкімі ретіндегі жұмысымды аяқтап отырмын. Әрбір теміртаулыққа бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және ашық диалогы үшін ерекше алғысымды білдіремін. Осындай ашық қарым-қатынас нақты мәселелерді көріп, оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік берді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына қызмет ету өзі үшін үлкен мәртебе болғанын атап өтті.

«Алда қандай қызметтер күтіп тұрса да, жүрегімнің бір бөлшегі – металлургтер қаласында, қайсар жандар мен ерекше мінездің мекені болған Теміртауда қалады», – деді Ғалым Әшімов.

Экс-әкім қала тұрғындарына, Теміртаудың дамуына үлес қосқан азаматтарға алғысын білдіріп, қалаға бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу және жаңа жетістіктер тіледі.

Ғалым Әшімов қызметтен кетуінің себебі мен алдағы қызметі туралы әзірге ақпарат берген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2