Жамбыл облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Қазақстанның өзге аймақтарына марихуана сатып келгені анықталды.
Жамбыл облысының ҚіжМАС-да лауазымды адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 297-б. 3-б. 3,4)-т.).
Сотпен не анықталды:
Сотталушы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы лауазымын атқара отырып, бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғыны Щ.-мен танысқан.
Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралын заңсыз сатып алған.
Тараптардың позициялары:
Прокурор М.-ға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы М. кінәсін мойындаған жоқ.
Сотталушы М.-ның кінәсі дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен расталған.
Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын таныды.
Ауырлататын ретінде - өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылды.
Сотпен «лауазымды адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған есірткі құралын заңсыз сатып алу, тасымалдау» бойынша саралау белгілері алынып тасталды, себебі қылмыстық қудалау органының бұл бөлімдегі тұжырымдары дәлелденген және негізделген деп танылмаған.
Сот үкімімен М. ҚК-нің 297-б. 3-т. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, полиция "майоры" арнайы атағынан айыра отырып тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.