Мәзір
16 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы мен Жамбыл облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысының полицейлері қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы мен Жамбыл облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды Алматы мен Жамбыл облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысының полицейлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде 6 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.

Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған.

Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді.

Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тінту кезінде 5 келіден астам «гашиш» және 1 келіден астам «марихуана» тәркіленді.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2