Мәзір
15 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

Жалпыға бірдей декларация: Тоқаев тапсырма берді

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларацияға деген көзқарасты қайта қарауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Жалпыға бірдей декларация: Тоқаев тапсырма берді Жалпыға бірдей декларация: Тоқаев тапсырма берді
Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, азаматтарымыздың табысын жаппай декларациялаудың мән-маңызы зор. Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар.

"Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет", - деді Мемлекет басшысы.
 

Апта талқысында: