Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында-көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман күтіледі.