Қазіргі уақытта ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
«11 қарашада сағат 9.30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына Полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.