Мәзір
11 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай 10 күн демалады, деп хабарлайды buginmedia.kz 

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады? Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: istockphoto.com

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады. 2024 жылы мереке дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.

Демалыс күнінің кестесі мынадай:

14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;

15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;

16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.

Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.

Апта талқысында: