Мәзір
10 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 10 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК қарашаның 10-ына арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 10 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 10 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қостанайда 10 қарашада түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

10 қарашада түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтауда 10 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Көкшетауда 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

10 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

10 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болып, түнде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Ақтөбеда 10 қарашада көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

10 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Қызылордада 10 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

10 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда 10 қараша түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағандыда кей уақытта қар жаып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Семейде 10 қарашада таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Өскеменде 10 қарашада жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Таразда 10 қарашада кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Павлодарда 10 қарашада түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Апта талқысында: