Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының шығыс бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында қалың қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Антициклонның әсерінен еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді.