Мәзір
9 қараша, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

2025 жылы 50-ден асқан ер адамдардың денсаулығы жаппай тексеріледі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook парақшасында қазақстандықтар арасында мүгедектікке жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкология себеп болатынын жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

2025 жылы 50-ден асқан ер адамдардың денсаулығы жаппай тексеріледі 2025 жылы 50-ден асқан ер адамдардың денсаулығы жаппай тексеріледі
Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, 2024 жылы 68 мың адам инсульт орталықтары мен коронарография орталықтарында медициналық көмек алған. Сонымен қатар реабилитацияға ерекше назар аударылып отыр — мұндай орындардың саны 12 мыңға дейін артты. Бұл пациенттердің көп бөлігіне белсенді өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді.

«Келесі жылы біз 50 жастан асқан ерлер арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін ерте анықтау жобасын бастаймыз. Бұл топ инфаркт пен инсульт қаупі жоғары топқа жатады. Ауруды неғұрлым ерте анықтаса, асқынулардан аулақ болу және денсаулықты сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары», — деп мәлімдеді министр.

Министрдің айтуынша, тек тұрақты медициналық тексерулер мен профилактикаға көңіл бөлу арқылы өмір сүру сапасын сақтап, көптеген аурудың алдын алуға болады.

«Скринингтен өтіңіз, денсаулығыңызды күтіңіз — бұл әл-ауқатыңызға және отбасыңыздың болашағына қосқан үлесіңіз», – деді Ақмарал Әлназарова.

Апта талқысында: