Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Қазақтарды "мәмбеттер" деді деген кандидаттың дауынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазақтарды "мәмбеттер" деді деген кандидаттың дауынан кейін қылмыстық іс қозғалды Қазақтарды "мәмбеттер" деді деген кандидаттың дауынан кейін қылмыстық іс қозғалды
Фото: Астана қаласының мәслихаты

Астанада мәслихат депутаттығына үміткер Владислав Сергеевтің атына қатысты тараған аудиожазба полицияның назарын аударды. Осы оқиғадан кейін кандидат құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада мәслихат депутаттығына үміткер Владислав Сергеевтің атына қатысты тараған аудиожазба полицияның назарын аударды. Осы оқиғадан кейін кандидат құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның Оңтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары туралы дөрекі пікір айтқан аудиожазбасы тараған еді. Жазбада ол еріктілерге тұрғындармен қазақ тілінде сөйлесуді тапсырып, ауданды «екінші Шымкент» деп атаған. Сондай-ақ жергілікті халыққа қатысты әдепсіз сөздер қолданған.

Желі қолданушылары аудиодағы дауыс Владислав Сергеевке тиесілі екенін алға тартты. Алайда кандидат мұны жоққа шығарып, жазбадағы адамның өзі емес екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сергеев полицияға арыз жазып, аудиожазбаның жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін де айтты. Ол қажет болған жағдайда телефонын тексеруге беруге дайын екенін жеткізді.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғынның арызы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Полицияның мәліметінше, іс онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Астанада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2