Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Нағаспаев ҚТЖ-ға кеткеннен кейін Өнеркәсіп министрлігін кім басқарып жатқаны белгілі болды

Нағаспаев ҚТЖ-ға кеткеннен кейін Өнеркәсіп министрлігін кім басқарып жатқаны белгілі болды Нағаспаев ҚТЖ-ға кеткеннен кейін Өнеркәсіп министрлігін кім басқарып жатқаны белгілі болды
ашық дереккөз

Ерсайын Нағаспаевтің орнына Рахымжан Исақұлов Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрліктің ресми сайтында Рахымжан Исакулов министрдің міндетін атқарушы ретінде көрсетілген. Ол бұл мәртебеде азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдаған.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде тұрғын үй құрылысының сапасы, көппәтерлі үйлерді басқару, мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) жұмысы және тұрғындардың үйді басқару органдарымен қарым-қатынасы мәселелері көтерілген.

Рахымжан Исақұлов туралы не белгілі?

Рахымжан Исакулов 39 жаста. Ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып, экономика және менеджмент мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. Кейін Жапонияда мемлекеттік басқару саласы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Президент кеңсесінде бастаған. Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, Батыс Қазақстан облысы мен Астана әкімдері аппараттарын, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппаратын басқарған.

2023 жылғы қазанда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2024 жылғы қарашада вице-министр қызметіне кірісті. Ведомствода қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне жетекшілік еткен.

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты. Сол күні ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін компанияны басқарған Елжас Отыншиев қамауға алынған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2