“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – де жазды жазушы.
Айдос Тоқтарбай соңғы жылдары цирк өнерінен жырақтап, жиһаз жасаумен айналысып жүрген.
Айта кетейік, бұған дейін «Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбайдың өмірден өткені туралы жазған болатынбыз.