Оқиға былтыр қарашада болған. Телеарнаның мәліметінше, бетперде киген адамдар көшеде тұрған төрт жас жігітке оқ атқан. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.
Іс бойынша барлығы жеті адам күдікті деп танылған. Олардың біреуі іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қалған алтауы сот алдында жауап берді.
Сот мәліметінше, олардың үшеуі оқиға орнына барып, қару қолданып, жәбірленушілерге оқ атқан. Қалған үшеуі қару қолданудан бас тартқанымен, оның пайдаланылатынын білген. Сот олардың бұл туралы полицияға хабарлауы тиіс болғанын атап өтті.
Басты айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның бұрын да қылмыс жасағанын ескерген. Тағы екі адам 18 жылға сотталды.
Қылмысты жасырғаны үшін екі адам 3 және 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сотталғанға 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған рақымшылық қолданылып, сот залында босатылды.