Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Ақтөбе облысында дәрігер жол апатынан қаза тапты: баласы да сол күні көз жұмды

Ақтөбе облысында дәрігер жол апатынан қаза тапты: баласы да сол күні көз жұмды Ақтөбе облысында дәрігер жол апатынан қаза тапты: баласы да сол күні көз жұмды
Фото © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жол апатынан дәрігер әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға болған күні оның баласы да өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Kazinform жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға 23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолының Жұрын кенті маңында болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Renault автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, көлік аударылған. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаза тапқан әйелдің Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог болып жұмыс істегені белгілі болды. Оның есімі – Назгүл Кантуренова.

Аурухана ұжымы әріптесінің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Назгүл Мұратқызы өз ісіне адал, білімі мен тәжірибесі мол, кәсіби біліктілігі жоғары дәрігер болды. Ол бар ғұмырын адам денсаулығын сақтауға, науқастарға көмек көрсетуге арнады. Өзінің жауапкершілігімен, мейірімділігімен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне, емделушілердің алғысына бөленді», – деп жазылған аурухана ұжымының хабарламасында.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігер жол апаты болған кезде еңбек демалысында жүрген.

Сондай-ақ оның баласы да сол күні өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растаған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2