Қатты дауыл салдарынан ауладағы ағаш құлап, 67 жастағы әйелді басып қалған. Ауыр жарақатынан ол сол жерде көз жұмды.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды", – деп хабарлады Өңірлік жедел жәрдем стансасы.
Павлодар облысы аумағында екпіні секундына 30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.