Мәзір
10 қыркүйек, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Өзімнен 12 жас үлкен әйелге ғашық болып қалдым»: екі баласы бар еркек жан сырын ақтарды

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға отбасылы ер адамнан оқырман хаты келген. Ол өзінен 12 жас үлкен әйелге ғашық болып қалғанын айтып, бұл сезімнен қалай арылуға болатынын сұраған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Өзімнен 12 жас үлкен әйелге ғашық болып қалдым": екі баласы бар еркек жан сырын ақтарды "Өзімнен 12 жас үлкен әйелге ғашық болып қалдым": екі баласы бар еркек жан сырын ақтарды
ашық дереккөз

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға отбасылы ер адамнан оқырман хаты келді. Ол өзінен 12 жас үлкен әйелге ғашық болып қалғанын айтып, бұл сезімнен қалай арылуға болатынын сұраған.

Автордың айтуынша, оның әйелі мен екі баласы бар. Ал басқа әйелге деген сезімі бастапқыда уақытша қызығушылық болып көрінгенімен, уақыт өте күшейе түскен.

«Мен өзімнен 12 жас үлкен әйелді сүйіп қалдым. Жай уақытша қызығушылық дейін десем, олай емес, біраз уақыт өтті. Қатты жақсы көремін, онсыз демалуым қиын», – деп жазған ер адам.

Оның айтуынша, әлгі әйелдің де отбасы бар. Ол ажырасқалы жүргенін айтқанымен, автор өз әйелінен ажыраспайтынын ашық жеткізген.

«Оның да отбасы бар. Бірақ ажырасқалы жүрмін деген. Мен оған өзімнің ажыраспайтынымды кесіп айттым. Бірақ ара-тұра бірге тұрсақ қой деп ишара тастай береді», – дейді ол.

Ер адам әйеліне де бұл жағдайды жасырмағанын жазған. Оның сөзінше, жары шындықты білген соң қатты ренжіген. Дегенмен автор әйелін және балаларын тастап кеткісі келмейтінін атап өткен.

«Әйелім білді, қатты ренжіді. Әйелім де өзіме адал. Оны жақсы көремін, балаларымның анасы. Олардан бас тартып, ажырасам деген емеспін», – деп жазды оқырман.

Автор бұл сезімнен арылудың жолын іздеп жүргенін айтқан.

«Оны қалай ұмытсам, қалай сезімімді өшірсем болады? Адам бір-ақ рет сүйеді дейді. Менің кеш келген махаббатым шығар деп қойдым. Қиналып жүрмін», – дейді ол.

Сонымен қатар ол әйелінен ажырасу үшін әдейі жанжал шығаруды да ойлағанын жасырмаған.

«Бір себеп тауып, "маған адал емессің" деп ұрыс шығарып, өтірік сынап, осылай ажырассам ба деп те ойлаймын. Қиын жағдайда тұрмын. Сүйемін. Бірақ отбасым маңызды», – деп жазды ер адам.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2