Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.
«Құлаған кезде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды. Әйел де қаза тапты», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.