Оның айтуынша, іс бойынша жаңа ақпаратты анықтау үшін Таразға арнайы барған. Журналист бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
«Барни ісі бойынша сараптама қорытындысы дайын. Осыған байланысты арнайы Тараз қаласына келдік. Істің жаңа деректерін назарларыңызға ұсынамыз», – деді ол.
Жан Ахмадиевтің мәліметінше, Таразда заңгерлер тиісті мекемеге кірген. Ал журналистер Мадиярды күтіп отыр.
«Заңгерлер ішке кіріп кетті. Біз қазір Мадиярды күтіп тұрмыз. Мүмкіндік болса, өзінен сұхбат алып қалуға тырысамыз», – деді журналист.
Ол істің жаңа мән-жайлары кейінірек жарияланатынын айтты.