Мәзір

Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуа жасалғанын айтты

Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуа жасалғанын айтты Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуа жасалғанын айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Актриса Айгүл Иманбаева өткен жылы өзіне жасалған қара дуадан қалай арылғанын айтып, осы уақытқа дейін құпия болып келген емшінің кім екенін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі бұған дейін де өзіне сиқыр жасалғанын әлеуметтік желіде және сұхбаттарында айтқан. Оның сөзінше, мұндай жағдайды бұрын тек кинода болады деп ойлаған.

«Былтыр маған дуа жасалды. Бұл туралы сұхбаттарымда да айттым. Инстаграм мен TikTok желілеріне де жарияладым. Бұл өте қорқынышты болды. Мұндай нәрсе кинода ғана кездеседі деп ойлайтынмын. Бірақ өмірде де бар екен. ХХІ ғасырда!» – деді актриса.

Айгүл Иманбаева қара дуадан қалай емделгенін көпшілікке бірден айтпаған. Себебі оның пайымдауынша, бұл ақпаратты өзіне сиқыр жасаған адамдар да білуге тырысуы мүмкін.

Алайда енді актриса өзі барған емшілердің бірі туралы айтып, оның Шымкентте тұратынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл – Ауғанстаннан Қазақстанға көшіп келген молда.

«Бір емес, бірнеше адамға қаралдым. Солардың бірі Шымкентте тұрады. Ауғанстаннан көшіп келген үлкен молда. Оның телефон нөмірін тек сұраған таныстарыма ғана бердім. Қазір Шымкентке ұшып бара жатырмын. Атама барып, амандасып, емін алып, дем салдырып қайтамын», – деді Айгүл Иманбаева.

Актриса мұндай жағдайға тап болған адамдардың аз емес екенін де атап өтті. Оның айтуынша, дуа қайтаратын адам іздегендер әлеуметтік желі арқылы өзіне көптеп хабарласқан.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2