Мәзір
Бүгін, 12:36 / BuginMedia / Жаңалықтар

Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан полицей қаза тапты

Түркістан қаласында түнде болған жантүршігерлік жол апатынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қаза тапты, 

Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан полицей қаза тапты Түркістанда жантүршігерлік жол апатынан полицей қаза тапты
Фото: Instagram/Ержан Сәденов

Оқиға орнынан тараған видеоларда соқтығысудың өте қатты болғаны көрінеді. Жол қиылысында кемінде екі полиция көлігі ауыр зақым алып, олардың бірінің алдыңғы бөлігі мүлде жаншылып қалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары апатқа қатысты түрлі болжамдар айтып жатыр. Кейбірі көліктердің бірі шамамен 180 км/сағ жылдамдықпен қозғалған болуы мүмкін деген пікір білдірген. Алайда бұл деректер ресми түрде расталмаған.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция қызметкерінің қаза болғанын растады. Сондай-ақ ол марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді", - деп жазды ол.

Қазіргі таңда жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екені анықталған жоқ.

 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2