Мәзір

Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды

Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды
Фото: ВКонтакте

Қостанай қаласында дүниеге келген ресейлік рэпер Миша Маваши (шын аты-жөні – Михаил Ниц) 25 қазанда 41 жасында өмірден өтті. Бұл туралы buginmedia.kz «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік Telegram-арналардың бір нұсқасына сәйкес, музыкант үйінде қаруын тазалап жатқан кезде абайсызда оқ атып, жарақат алуы мүмкін. Оқ оның басының жоғарғы сол жақ бөлігіне тиген. Рэпер ауруханаға жеткізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Арнаның мәліметінше, өлімге ми ісінуі мен көп қан жоғалту себеп болған.

Тағы бір нұсқа бойынша, Миша Маваши өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алайда музыканттың өліміне қатысты мән-жайлар әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Миша Маваши 1985 жылғы 29 қаңтарда Қостанай қаласында дүниеге келген. Музыкалық мансабын 2000-жылдардың соңында бастап, «Только правда» атты дебюттік альбомын шығарды. Кейін «То, что видел», «Зерно» және «Изнанка» альбомдары арқылы кеңінен танылды.

Ол салауатты өмір салтын қолдайтын интернет-қауымдастықтың танымал музыкалық тұлғаларының біріне айналды. Рэпердің спорт, алкоголь мен есірткіден бас тарту, тәртіп пен физикалық күш туралы әндері тақырыптық парақшаларда кең таралып, мотивациялық бейнероликтерге жиі пайдаланылды.

2022 жылы музыкант «Северный человек» қоғамдық қозғалысын құрды.

Қайғылы оқиғадан небәрі 10 күн бұрын Миша Маваши үйлену тойын өткізген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2