Мәзір
6 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Шаңырақ» ҚБ басшысы 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген субсидияларды алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Шаңырақ" ҚБ басшысы 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды "Шаңырақ" ҚБ басшысы 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Фото: ҚМА

Мәселен, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі.

Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде.

Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.

Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.

Осылайша, 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

А.Садырбаев ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Апта талқысында: