Мәзір
20 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

39 жастағы топ-менеджер ҚТЖ-ны басқарды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

39 жастағы топ-менеджер ҚТЖ-ны басқарды 39 жастағы топ-менеджер ҚТЖ-ны басқарды
Самұрық-Қазына қоры

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
 

2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2