8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Шығыс өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ал елдің батысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын күтілмейді.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+16 °C, күндіз +17…+22 °C, кей жерлерде +22…+27 °C болады.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнгі температура +3…+13 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа +10…+17 °C аралығында болады.
Шығыста түнде 0…+8 °C күтіледі. Күндіз ауа температурасы +10…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +3…+10 °C болады. Таулы аймақтарда 2 °C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17…+25 °C, таулы жерлерде +12…+17 °C шамасында сақталады.