Мәзір
5 қараша, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Еліміздің бас сейсмологы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда және Алматы облысында болған жер сілкінісі бойынша қазақстандықтарға видеоүндеу жасады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Еліміздің бас сейсмологы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады Еліміздің бас сейсмологы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынды

"Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары 3-4 балды сезді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аймағы үшін күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі, 5 қарашада Алматы мен Алматы облысында қуаты 3-4 балдық жер сілкінісі болды. ТЖМ Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы мәліметті жариялады.

Апта талқысында: