Мәзір
Бүгін, 17:12 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан екі ер адам ұсталды

Алматыда жедел жәрдем шақырған екі ер адам медицина қызметкерлеріне пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан екі ер адам ұсталды Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан екі ер адам ұсталды
Фото Informburo.kz

Алматыда екі ер адам өздеріне жедел жәрдем шақырып, оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне пышақпен қорқытуға әрекет жасаған.

Полицияға оқиға туралы шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы хабарлаған. Казыбек би мен Бәрібаев көшелерінің қиылысына патрульдік полиция қызметкерлері және Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы жедел жетіп, күдіктілерді ұстаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар есірткіге масаң күйде болған. Олардың өздері медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғанын айтқан.Оқиға салдарынан жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді". - делінген хабарламада.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Атап айтқанда, пышақтың қайдан алынғаны, сондай-ақ оны сақтау және алып жүру мақсаты тексерілуде.

Күдіктілердің әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2