Мәзір

«Маған оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова күтпеген жазба жариялады

«Маған оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова күтпеген жазба жариялады «Маған оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова күтпеген жазба жариялады
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзақ уақыт бойы шығармашылықтан қол үзгеннен кейін өнерге қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды., деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі шығармашылықтағы ұзақ үзілісіне карантин мен декреттік демалыс себеп болғанын айтты.

«Ұзақ үзіліс болды… Карантин және декрет. Биыл күш-жігерімді жинап, шығармашылығыма толық кірістім. Оңай емес, әрине… Көрерменнің талғамы өзге, биік… Сол себепті жылдың басынан қадамымды мерейтойлық гастрольмен бастадым. Мақсатым – жеке ән кештерімде халықтың батасын алу еді. Алдым. Рақмет! Ризамын! Сағынысып қалғанымыз тағы бар», – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова гастрольдік сапар кезінде көрерменнің қошеметі оған ерекше шабыт бергенін атап өтті. Әнші енді тыңдармандарына жиі өнер көрсетіп, жаңа жобаларын ұсынуға ниетті.

«Гастрольдік сапарда үлкен қошеметке бөленіп, шабытым тасып келдім. Сол деммен өз тыңдарманымды жиі-жиі Құдайдың берген талантымен қуантуға тырысып жүрмін. Ал бұйырса, білек сыбана кіріскен шығармашылығымның жаңа дәуірін тамашалай жүріңіздер, құрметті тыңдарманым!» – деді Мөлдір Әуелбекова.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2