Мәзір

Үндістанда қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды: Федерация мен СІМ түсініктеме берді

Үндістанда қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды: Федерация мен СІМ түсініктеме берді Үндістанда қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды: Федерация мен СІМ түсініктеме берді
Қазақстанның Велоспорт федерациясы

Қазақстанның Велоспорт федерациясы Үндістанда құқық қорғау органдары іздеп жатқан қазақстандық маман Мақсат Аязбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Федерацияның мәліметінше, соңғы жылдары жаттықтырушы Қазақстаннан тыс жерде келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Қазір оның кәсіби қызметі Үндістан құрамасымен байланысты.

«Мақсат Аязбаев Қазақстан ұлттық құрамасына қазіргі уақытта қатысы жоқ», – делінген федерация мәлімдемесінде.

Ұйымның хабарлауынша, БАҚ-та сөз болған оқиғалар Үндістан аумағында болған. Онда ресми тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аяқталғанға дейін Үндістанның Велоспорт федерациясы маманды жұмыстан уақытша шеттеткен.

«Ресми тергеу аяқталып, барлық мән-жай анықталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамау және баға бермеу дұрыс деп санаймыз», – деді Қазақстан федерациясы.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, министрлік Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Дипломаттар оның туыстарымен байланыста болып, консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

The Times of India басылымының мәліметінше, 34 жастағы Мақсат Аязбаевқа Патиала полициясы кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдік бойынша іс аясында іздеу жариялаған. Басылым жазуынша, оқиға 13 қыркүйекте Ұлттық жоғары шеберлік орталығындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Спортшының арызынан кейін 18 қыркүйекте балаларды сексуалдық қылмыстардан қорғау туралы заң (POCSO) бойынша іс қозғалған.

Аязбаев жұмыстан шеттетіліп, Үндістан құрамасымен Жапонияда өтетін Азия ойындарына бармайтын болған. Полиция оның төлқұжатын тәркілеп, Дели мен астаналық аймақта іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2