Мәзір

Ясмина Тоқсанбаева Азиядада аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева Азиядада аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылды Ясмина Тоқсанбаева Азиядада аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылды
Фото instagram.com/01yasm1na

Қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026 марафондық спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Оның нәтижесі жарыста қолданған аяқ киімі World Athletics талаптарына сәйкес келмегендіктен жойылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

27 қыркүйекте Токсанбаева 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, бірінші болып мәреге жеткен. Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне наразылық білдіріліп, спортшының аяқ киіміне қатысты мәселе қаралған.

World Athletics ережесіне сәйкес, жарысқа қатысушылар халықаралық федерация мақұлдаған және арнайы тізімге енгізілген аяқ киім үлгілерін ғана пайдалана алады. Тізімде жоқ аяқ киімді жарыста қолдануға рұқсат етілмейді.

Техникалық өкілдің Reuters-ке айтуынша, Токсанбаева киген аяқ киім мақұлданған үлгілер тізімінде болмаған. Осыдан кейін мәселе World Athletics-ке жолданып, нәтижені жою туралы шешім қабылданған. Спортшы бұл шешімге апелляция берген.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті де спортшының аяқ киімі World Athletics мақұлдаған модельдер тізіміне кірмегенін растады.

Бұған дейін Тоқсанбаева әлеуметтік желіде жарыс нәтижесі үшін қолдау сұраған болатын.

«Маған қазір сіздердің қолдауларыңыз өте қажет. Тіпті менен мұны тартып алса да, мен қайта оралып, мұны тағы жасаймын!» – деп жазған спортшы.

Нәтиже жойылғаннан кейін алтын медаль Қытай спортшысы Даньцзэн Цюйцзунға, күміс оның отандасы Ма Лиге, ал қола жапониялық Юкико Уменоға берілді.

World Athletics-тің ресми нәтижелерінде Ясмина Токсанбаева жарысқа қатысушылар қатарында көрсетілген. Федерацияның ережесінде талапқа сай емес аяқ киімнің жарыста қолданылуына жол берілмейтіні нақты жазылған.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спортшыға қолдау көрсету және апелляция мүмкіндігін қарастыру үшін World Athletics, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы, Олимпиада кеңесі және Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясымен жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2