Мәзір

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз не болғанын айтып берді

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз не болғанын айтып берді Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз не болғанын айтып берді
Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаз Ақжол Темірәлиевтің денсаулығында оң өзгеріс бар. Қазір ол өздігінен жүріп, тамақтанып, сөйлесіп жүр. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап, ем-домын жалғастыруда, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ата-анасы не айтады?

Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облыстық ауруханасының алдында Ақжол Темірәлиевтің ата-анасымен сөйлесті.

Ата-анасының айтуынша, 18 жастағы сарбаз өз күшімен су бетіне шығып, кейін суға батып кеткен досын шамамен жарты сағат іздеген.

Ақжол — құтқарылған үш әскери қызметшінің ішінде ауруханаға жатқызылған жалғыз сарбаз. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 17 әскери қызметші теңізге түсіп кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Каспийде қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2